- Advertisement -

Облыс әкімі Азиада чемпионы мен жүлдегерлерін қабылдады

136

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен 18-ші жазғы Азия ойындарында жетістікке жеткен жерлес спортшыларымызды қабылдады. Олардың қатарында су добынан ҚР ерлер құрама командасының сапында аталмыш байрақты бәскенің чемпионы атанған Алтай Әлтаев және ҚР әйелдер құрама командасы сапында күміс жүлдегер атанған жергілікті «Айша бибі» су добы клубының қыздары болды. Кездесуге клуб директоры Алан Балфанбаев та қатысты. Өңір басшысы спортшыларға ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.

– Құрметті спортшылар, Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен байрақты бәсекеде жақсы нәтиже көрсетіп, облыстың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатуға күш салдыңыздар. Ол еңбектеріңіз ақталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көріндіңіздер. Бұл Сіздердің ғана емес, барша жамбылдықтардың да мерейі. Сол үшін Сіздерге алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да тек жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, – деді облыс әкімі.
Бұдан соң спортшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты тапсырған Асқар Исабекұлы спортшыларға дүбірлі додаларда тек жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестігін білдіріп, өңірде су добы спорты қарқынды түрде дамып келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да оған жіті көңіл бөліне беретінін жеткізді.
Өз кезегінде спортшылар да өз ой-пікірлерін ортаға салды. «Айша бибі» су добы клубының мүшесі Замира Мырзабекова команда атынан сөз алып, өз әсерімен бөлісті.
– Біз үшін облыс, ел намысын абыройлы қорғау бәрінен маңызды. Сол үшін кез келген жарыста барымызды саламыз. Біздің жүлделі орыннан көрінуімізге жанкүйерлеріміздің де қолдауы әсер етті деп ойлаймын. Сол үшін бәріне шын жүректен алғысымызды айтамыз, – деді ол.
«Айша бибі» су добы клубының директоры Алан Балфанбаев спортшыларды қабылдап, қолдау көрсетіп, ықыласын білдірген өңір басшысына ризашылығын білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support