- Advertisement -

Жұмыспен қамту жүйелі іске асуда

125

- Advertisement -

Бүгінгі күні аудан тұрғындарының саны 104 994-ке жеткен. Оның 49 037-сі экономикалық белсенді санатқа жатады. Кешенді жоспарға сәйкес арнайы дерекқорға 2456 жұмыссыз тіркелген. Қазіргі кезде олардың 1135-і тұрақты, 389-ы қоғамдық, 229-ы жастар тәжірибесі бойынша, 40-ы әлеуметтік жұмыс орындарына жолдамамен жіберіліп, табыс табуда.
Биыл аудан бойынша 535 жаңа және маусымдық жұмыс орыны ашылды. Нысаналы топтағы мүгедектерді жұмысқа орналастыру бағытында 44 азамат әртүрлі жұмыспен қамтылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар да қызу жүргізілуде. Оның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты аясында 75 217,0 мың теңге қаражат бөлініп, 464 адам түрлі мамандықтар бойынша оқуға жіберілді. Оның 221-і оқуын аяқтап, 105-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Ауданда аталған бағдарламаның ал екінші бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жалпы 255,7 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылды. 47 адамға шағын несие беру және 232 азаматты «Бастау-Бизнес» жобасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Бүгінгі күні 132 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды.
Сондай-ақ «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы 45 азамат мал өсіру үшін 152 000,0 мың теңге көлемінде шағын несиеге алып отыр.
Аталған бағдарламаның – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағытында 705 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа 160 694,0 мың теңге бөлінді.
Жастар тәжірибесі бойынша 66 781,0 мың теңге қаражат бөлінген еді. Бүгінгі күні 229 жас маман республикалық бюджет есебінен жұмысқа жіберілді.
Ал «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 3 нысанда 47 адам жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамту жұмыстары әлі де жалғасын таба береді.

Садықбай КӨПБАЕВ,
аудандық жұмыспен қамту
орталығының директоры.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support