- Advertisement -

«Оқжетпес» пен «Тараз» текетіресіп тұр

120

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының кезекті туры мәресіне жетті. Бірінші лига аяқталатын сәт жақындаған сайын көш бастаған командалар сүріне бастады. Топ тізгінін қолға алған Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы кезекті ойынын Талдықорған төрінде жергілікті «Жетісу Б» командасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен алаң иелеріне жол берді.
Бұл мүмкіндікті «Тараз» футбол клубының жейдесін киген сайыпқырандарымыз пайдалана алмады. Жерлестеріміз «Алтай» командасынан айласын асыра алған жоқ. Түздегі ойында жамбылдық аяқдоп шеберлері барын салып бақты. Әйткенмен шығысқазақстандықтар өз алаңында сәтті қорғанып, қақпасын голдан аман сақтап қала алды. Нәтижесінде екі команда да есеп аша алмай, 0:0 есебімен тең тарқасты.
Қазіргі кезде «Тараз» футболшылары бірінші орындағы «Оқжетпес» командасынан екі ұпай қалып келеді. Келесі ойында Шығыс Қазақстанның «Алтай» командасын қабылдайтын «Оқжетпес» ұпай жоғалтып, «Тараз» футболшылары жеңіске жетіп жатса, жерлестеріміз қайтадан бірінші орынға шығады. Алдағы ойындарда жамбылдық футболшылар ұпай жоғалтпаса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені үшінші орынға орналасқан Шымкенттің «Қыран» футбол клубы ұпай айырмасын беске дейін қысқартты.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support