ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бірқатар мәлімдемелер қабылдады

132
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бірқатар мәлімдемелер қабылдады

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат — БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңдарында Қазақстан төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мүше елдерінің сыртқы істер министрлері деңгейінде дәстүрлі жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-сессиясының күнтәртібіндегі, соның ішінде ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, терроризмге қарсы күрес және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, биылғы жылдың қарашасында Астана қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Қатысушылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуалды тұрақтандыру, Ауғанстандағы жағдай және ҰҚШҰ-ның аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемелер қабылдады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.