- Advertisement -

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті

140

- Advertisement -

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қыркүйектің 17-сі күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан сапарға шыққан «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен жүріп өтіп, Көкшетауға келіп тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі өлкетанушы жəне қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлы бастаған экспедиция мүшелерін көкшетаулықтар қалаға кіреберіс қақпаның алдында шашу шашып, сән-салтанатпен  қарсы алды.

«Абылай ханның қара жолымен 4300 шақырым жол жүрдік. Қазақтың талай бір қасиетті де, киелі жерлерін басып өтіп, Түркістанға бардық. Жол бойы экспедиция мүшелерін жергілікті жердің халқы мен ел ағалары, басшылар қуана қарсы алып отырды», -деді экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы.

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті

Қыркүйектің 17-сі күні Абылай хан Үш жүздің басын қосқан Бурабайдан бастау алған экспедиция Қорғалжын, Нұраны бойлап, Ұлытау, Қызылорда арқылы көне Сығанақ және Сауран қалаларының ашық аспан астындағы мұражайларында, қасиетті Түркістанда болып, қайтып оралды. Экспедиция қорытындысы бойынша Абылай мен оның заманы туралы жиналған материалдардан ғылыми мақалалар мен жинақтар шығару жоспарда бар. «Абылай ханның қара жолы» атты көркем фильм де түсірілмек. Оған қоса, Ақмола облысы және Көкшетау қаласының табиғи және топонимдік ланшафтын қолдана отырып жиналған, елімізде теңдесіз топографиялық карта құрастырып, шығару жоспарда бар.

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support