- Advertisement -

«Қызыл сызықтан» аспаңыз!

179

- Advertisement -

Таразда заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу жалғасуда

Бүгінде шаһарымызда дәмхана, мейрамханалардың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Өкініштісі, мұндайда кәсіпкерлер пайдаға кенелу мақсатында «қызыл сызық» нормаларын сақтай бермейді. Мәселен, қаладағы белгілі дәмханалардың бірі, Әйтиев көшесі, №34 мекен-жайында орналасқан «Абдукодирдың» иесі Сураие Исламова бекітілген жобаларға қарамастан, 150 текше метр көлеміндегі аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізген.
– Аталған кәсіпкер сәулет және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, оған 541125 теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қанат Айтқұлов.
Қанат Оңғарұлы заңнамада «қызыл» және «сары сызықтардан» бөлек, құрылыс салуды реттеу желісі туралы да жазылғанын айтады. Сураие Исламова дәл осы желінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Қазіргі таңда заңсыз құрылысты бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған басқарма Тараз қаласы және облыс көлемінде тұрақты түрде мониторингтік жұмыстарын жүзеге асырып отырады.
– 5 жеке кәсіпкер әкімшілік, 4 кәсіпкер азаматтық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан барлық кәсіпкерлерді заңда көрсетілген тәртіпті бұзбай, құрылыс жұмыстарын жүргізуге шақырамын, – деп түйіндеді сөзін Қ.Айтқұлов.

Есен Өтеулиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support