Альварестен жеңілген Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.
«Мен жекпе-жекте кімнің жеңгені туралы айтпаймын, себебі төрешілердің шешіміне сәйкес жеңіс «Канелоға» тиесілі. Жанкүйерлер үшін өте тамаша жекпе-жек болды деп ойлаймын. Мен оған қарағанда мықты жұдырықтасамын деп ойлағанмын», — деді Головкин.
Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайынсың ба деген сұраққа ол: «Дұрыс жағдай жасалса — иә», — деп жауап берді.
Альварес те Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, мексикалық боксшы екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірше содан ләззат алғысы келетінін жеткізді.
tengrinews.kz
Comments are closed.