- Advertisement -

Әлем чемпионатына кімдер қатысады?

158

- Advertisement -

Келесі аптада дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Айтулы аламанға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қатысып, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге тырысып көрмек.
Сонымен Әзірбайжан астанасы Баку қаласында жалауы желбірейтін әлем біріншілігінде ел намысын кімдер қорғайды?
Ұлттық құраманың бапкерлері қазіргі кезде 60 килограмм салмақта Ғұсман Қырғызбаев, 66 килограмм салмақта Ерлан Серікжанов, 73 килограмм салмақта Жансай Смағұлов, Бекәділ Шаймерденов, 81 килограмм салмақта Дидар Хамза, Азиз Қалқаманұлы, 90 килограмм салмақта Ислам Бозбаев, 100 килограмм салмақта Виктор Демьяненко, +100 килограмм салмақта Ерасыл Қажыбаевқа зор сенім артып отыр.
Әлем біріншілігінде топқа түсетін арулар арасында 48 килограмм салмақтағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцецег Галбадрахтың жолына үмітпен қарайтынымыз жасырын емес. Сонымен қатар 57 килограмм салмақ дәрежесіндегі Севара Нышанбаева, 63 килограмм салмақтағы Ақниет Тұрдан, +78 килограмм салмақ дәрежесіндегі Гүлжан Исановадан да жанкүйерлер үлкен үміт күтеді. Ендеше Баку төрінде белдесетін спортшыларымызға сәттілік серік болсын дейміз.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support