- Advertisement -

«Коворкинг» — кітапқа қызығушылықты оятады

155

- Advertisement -

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен маусым айында өткен республикалық Саяси кеңестің отырысында тұрғындардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында барлық жерлерде «Коворкинг» орталықтарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын. Содан бері өңірімізде аталған орталықтар ашылып, ел игілігіне беріле бастағаны белгілі. Сенбі күні Айша бибі ауылында «коворкинг» орталығы ашылды.
Орталықтың ашылуына арналған салтанатты жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат сөз сөйлеп, мұндай орталық ашу ісі Елбасы тапсырмасынан бастау алғанын, ауылдық жерде тұңғыш рет ашылып отырғанын айтып өтті. Орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева облыстан келген қонақтарды және оқырмандарды «коворкинг» орталығының жұмысымен таныстырды.
– Бұндай жаңашыл орталықтың ашылғаны өте дұрыс. Жастарды білімді болуға жетелейді. Өмірді байлықпен өлшеуге болмайды. Нағыз байлық – рухани байлық. Менің үйімдегі жеке кітапханамда екі мыңға жуық бағалы кітап бар. Оның ішінде әлем әдебиетінің ең құнды жәдігерлері кездеседі. Қазақ әдебиеті алыптарының шығармалары да жеткілікті. Олар – менің үлкен байлығым, мақтанышым, – дейді Айша бибі ауылының тұрғыны, ақсақал Райымбек Мұсатаев.

Есет ДОСАЛЫ

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support