- Advertisement -

Интернет кеңістігіндегі ақпарат нәтижелі болмақ

156

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің биылғы 6 тамыздағы «Интернет кеңістігінде ақпараттық жұмысты жүргізу туралы» өкіміне байланысты бүгінде өңірімізде тиісті шаралар атқарылуда. Осы өкімге қосымша облыс әкімдігі басқармаларының, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің интернет кеңістікте ақпараттық жұмысты жүргізу жөніндегі нұсқаулығы бекітілді. Соған қарай облыстық ішкі саясат басқармасы енді заңнамада белгіленген тәртіппен осы өкімнен туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз ететін болады.
Ендігі кезекте бұл облыстық басқармалардың, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің интернет кеңістікте ақпараттық жұмысты жүргізу әдістемесі болмақ. Аталған нұсқаулық Қазақстан Республикасының бірқатар заңдары мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Инвестициялар және даму министрлігінің №116 бұйрығы негізінде әзірленген.
Интернет кеңістігінде ақпараттық жұмысты күшейту шараларын үйлестіруді облыстық ішкі саясат басқармасы жүргізеді. Облыс әкімдігі басқармаларының және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің осы бағыттағы жұмысына сол мекеменің бірінші басшысы тікелей жауапты болады.
Облыс әкімдігі басқармаларының және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді. Олар: белгілі мәселе бойынша сұрау салуға, оның мазмұнын нақтылауға; жауаптарды мәтін түрінде, инфографика, бейнеролик тәсілімен орналастыруға; Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша ақпарат беруден бас тартуға құқығы бар.
Бұдан бөлек жоғарыда аталған тиісті мекемелер нұсқаулықтың тарауларында көрсетілгендей, ақпарат алушыларға мәліметтерді заңда белгіленген мерзімде дер кезінде беруге және ақпарат беруде мүмкіндігі шектеулілер үшін қажетті жағдайлар жасауға тиісті. Интернет-ресурстардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтауы керек.

 

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support