- Advertisement -

Депутаттық фракция – өзін-өзі басқаруды жетілдірудің жолы

221

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңның 21-2-бабында: «Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы» деп көрсетілген. Тек мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
Фракция – заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы. Ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Бұл топ кемінде бес депутатты біріктіруі тиіс. Тиісінше депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
«Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихатта депутаттық фракциясы құрылған. Мәслихатқа сайланған 13 депутаттың 13-і де көшбасшы партияның мүшелері. Олар аудандағы қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларға белсенді түрде қатысып, түрлі әлеуметтік топтар арасында Елбасының Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, бес әлеуметтік бастамасын насихаттау, түсіндіру мақсатында ақпараттық топтарға тартылған.
Депутаттар әрдайым партиялық жобалар аясында өтетін шаралардың бел ортасынан табылады. Биылғы жарты жылдықта фракция мүшелері 39 рет қоғамдық қабылдау өткізгенін айту керек. Қабылдауға жазылған 76 адамның өтінішін қабылдап, оның 69-ының оң шешімін табуына ықпал етті. 7 тұрғынға кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жанынан құрылған комиссия отырыстарында республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуы қаралып отырады. Тиісті мекеме басшылары қаражаттың қалай игеріліп жатқанын баяндап, кезекті жиындарда есеп береді.
Есепті кезеңде фракцияның 2 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Жиындарда есеп берген бөлім, мекеме басшылары мен кеңес төрағалары депутаттық сауалдарға жауап берді. Осы басқосуларда алға межеленген міндеттер нақтыланды.
«Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері алдағы уақытта да Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясатқа қолдау көрсетіп, партияның бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан талаптарды жүзеге асыра бермек. Осы мақсатта арнайы жұмыс жоспарын жасап, бірлесе еңбек ететін болады.
Анар АХМЕТОВА,
«Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support