- Advertisement -

Меншікті басқарудағы жаңа үрдістер бюджетке тиімді

153

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жауаптыларға өңірімізде коммуналдық ұйымдарды басқару және мемлекеттік мүлік саясатын қалыптастыру мәселесін қайта қарауды тапсырған болатын. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Әкек Батырхан облыстағы коммуналдық меншікті басқаруды бірыңғай тәртіпке келтіру мен жетілдіру мақсатында мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, таза табыстарын арттыру, тиімді менеджмент енгізу арқылы шығындарды қысқарту, штаттар санын қайта қарау, басшылардың жауапкершілігін арттыруда іс-шаралар жоспары әзірленгенін тілге тиек етті.
– Жалпы, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша облыста коммуналдық меншікке жататын 1 434 мемлекеттік заңды тұлғалар тіркелген. Оның ішінде 1008-і – коммуналдық мемлекеттік мекеме, 75-і – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және 325-і – жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 24-і – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен 2-еуі – акционерлік қоғам.
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер, шаруашылық жүргізу құқығындағы және жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың әрқайсысы 7, серіктестіктер 3 салаға бөлінген. 2017 жылы 101 квазимемлекеттік сектор субъектілері болса, оның 76-сы таза пайдамен, 18-і шығынмен жұмыс істеген. Атап айтқанда, өткен жылы энергетика саласы бойынша 8 кәсіпорнының 7-еуі табыспен, 1-еуі шығынмен, тұрғын үй-шаруашылығының 15 кәсіпорынның 10-ы табыспен, 5-еуі шығынмен, ауызсумен қамтамасыз етуде 10 кәсіпорынның 7-еуі табыспен, 3-еуі шығынмен, денсаулық сақтауда 34 кәсіпорынның 27-сі табыспен, 7-еуі шығынмен, ветеринария қызметінде 11 кәсіпорынның 11-і табыспен, бұқаралық ақпарат құралдарында 13 кәсіпорынның 12-сі табыспен, 1-еуі шығынмен, дене шынықтыру және спорт басқармасының 1 ұйымы шығынмен, «Тараз» ӘКК»ҰК»АҚ мен «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы» ЖШС таза пайдамен аяқтады. 7 су шаруашылығы нысандары облыс әкімдігінің қаулыларына сәйкес таратылуда. Дәл сол жылы Жамбыл облысының коммуналдық меншігін басқарудан 1 291,0 миллион теңге табыс табу жоспарланса, нақты түскені 1 472,0 миллион теңге болып, орындалуы 114 пайызды құрады,– деді Ә.Батырхан.
Басқосу барысында сондай-ақ коммуналдық мекемелерді әрі қарай оңтайландыруда биылғы жылдың мамыр айында облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылғаны туралы да кеңінен айтылды. Әкек Базарбайұлының айтуынша, ұйымдарды оңтайландыру, штаттық кестелерін қайта қарау, кәсіпорын табыстарын арттыру мен жылды залалмен аяқтаған кәсіпорындарды оңалту және жарғыларды зерделеу бойынша жұмыс тобына жүктелген міндеттің салмағы ауыр.
– Жұмыс тобының құрамына облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім, бұқаралық ақпарат құралдары, дене шынықтыру және спорт басқармаларымен қатар өзге де бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдері кіріп, ұйымдарға талдау жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарын берді. Коммуналдық меншіктегі бағынысты ұйымдарды оңтайландыру бойынша 39 заңды тұлғаларды біріктіру нәтижесінде 23 заңды тұлға таратылып, 16 заңды тұлға қайта құрылады. Одан 224 штаттық бірлік қысқарып, үнемделетін бюджеттік қаржы 290,6 миллион теңгені құрайды. Ал бірқатар қызмет түрлерін орталықтандыру, қысқарту және тарату негізінде 67 ұйымнан 463 штаттық бірлік азайып, үнемделетін бюджеттік қаржы 338,9 миллион теңге болмақ.
Жалпы коммуналдық меншіктегі ұйымдарды біріктіру, орталықтандыру мен қысқарту бойынша 690 бірлік штат саны қысқарып, 634,7 миллион теңге бюджеттік қаржы үнемделмек. Сонымен қатар жұмыс тобы үлкен шығындарға жол берген кәсіпорындарға баса назар аударып, зерделеу жұмыстарын жүргізуде, – деді ол.
Жиын соңында жауапты басқарма басшысының орынбасары Әкек Батырхан кәсіпорындардың үлкен шығындарға жол беру себептері, олардың шығындарын азайту мақсатында ақылы қызмет көрсету көлемін арттыру, ғимараттардың пайдалану мерзімін ұзарту арқылы аммортизация шығындарын азайту хақында айта келіп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Есен Өтеулиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support