- Advertisement -

«Қазпоштаның » қызметі көңіліңізден шыға ма?

199

- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру – уақыт талабы. Басты міндет – көрсетілетін қызметтің қолжетімді болуы. Себебі көшбасшы ұйым кедергісіз әрі «тамыр-таныссыз» қызмет көрсетілуін, сыбайластық әрекетке жол берілмеуін бақылауда ұстайды. «Нұр Отан» партиясының 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытындағы комиссиясы осы мақсатта құрылған.
Комиссияның кезекті отырысында «Қазпошта» мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің партияның бағдарламалық құжатында көрсетілген талаптарды қаншалықты өз деңгейінде орындап отырғаны талқыланып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары сараланды. Жиынды «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссияның кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Абай Нұржанов жүргізіп отырды.
«Қазпоштаның» облыстық филиалында 1200-ден аса адам жұмыс істейді. Өңірде 10 аудандық пошта байланыс торабы, 11 орталық операциялау бөлімі, 34 қалалық, 152 ауылдық, 4 жылжымалы пошта байланыс бөлімшесі, 19 пошта байланыс және 36 төлемдерді қабылдау пункті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бұл туралы жиында «Қазпошта» облыстық филиалының директоры Пірәлі Болысбек мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, 152 ауылдық өндірістік пошта бөлімшесі шалғай ауыл-аймақтарда орналасқан екен. Ауыл тұрғындарын қолжетімді, сапалы қызмет түрлерімен қамтамасыз ету үшін пошта байланыс бөлімшелерінің 90 пайыздан астамы автоматтандырылыпты. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Комиссия мүшелері партия Төрағасының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы басты назарда болатынын айтып, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға баса көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар филиал басшысына мемлекеттік қызмет көрсету саласына кеңінен тоқталып, жергілікті тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы жан-жақты түсіндіруді тапсырды.
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Кемшілік түзетіліп, жұмыс сапасын жақсартатынын жеткізді.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support