- Advertisement -

Алаң иелері плей-оффқа жолдама алды

94

- Advertisement -

Ал чемпионат сенсациясы күн сайын таңғалдыруда

Футболдан Ресей Федерациясында ұйымдастырылған Әлем чемпионатының алғашқы туры өте тартысты өтіп, күтпеген нәтижелерге толы болды.«С» тобында өнер көрсететін Франция құрамасы австралиялықтарды 2:1 есебімен ұтты. Бұл топта ойнайтын Дания құрамасының перуліктерден басым түскені белгілі.
«С» тобында бірінші турда белгиялықтар Панама құрамасын ұтса, Англия құрамасы туннистіктерді 2:1 есебімен жеңді. Туннистіктер Бельгия құрамасынан да жеңіліс тапты. «Н» тобындағы жігерлі Жапония құрамасы колумбиялықтардан 2:1 есебімен басым түсіп, сенсация жасады. Негізі бұл кездесуде Колумбия құрамасының жеңіске жетеріне футболсүйер қауым сенімді еді. Осы топта ойнайтын Польша құрамасы Сенегал құрамасына 2:1 есебімен жол берді.
Сонымен, барлық командалар бірінші тур ойындарын өткізді. Ал «А» тобындағы Ресей құрамасы өзінің екінші ойынын Египет құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Сөйтіп соңғы ойынның нәтижесін күтпей-ақ ресейліктер плей-офф кезеңіне баратын мүмкіндікке ие болды. Ендігі кезекте бұл топтан кімнің бірінші орынмен шығатыны Ресей – Уругвай құрамалары арасындағы кездесуде анықталады. «Ғ» тобындағы Швеция Оңтүстік Корея құрамасынан минималды есеппен басым түсті. Бұл топта Германия мен Мексика құрамалары барын ескерсек, топтан шығу жолындағы жанталас аса тартысты болатын секілді. Португалия кеше марокколықтарды 1:0 есебімен ұтты.
Екінші турда біздерді Аргентина – Хорватия, Сербия – Швейцария, Польша – Колумбия құрамалары арасындағы қызықты ойындар күтіп тұр.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support