- Advertisement -

Жапаров – күміс жүлдегер

166

- Advertisement -

Таэквондодан Вьетнамның Хошимин қаласында ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан ұлттық құрама командасы да қатысып қайтты. Ұлттық құрама сапында айтулы аламанда жамбылдық жампоз, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Руслан Жапаров та бақ сынады.
Сары құрлықтың кілең «сен тұр, мен атайын» мықтылары топқа түскен Азия біріншілігінде Руслан ойдағыдай нәтиже көрсетіп, сенім үдесінен шыға білді. 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық таэквондошы құрлық біріншілігінде жүлдегерлердің қатарынан көрінді.
Руслан Жапаров дода барысында бірнеше қарсыласынан басым түсіп, ақтық сынға шықты. Тек финалдық бәсекеде ғана қарсыласына есе жіберген жерлесіміз күміс жүлдеге қол жеткізді. Азия біріншілігінен өзге де қазақстандықтар олжалы оралды. Құрлықтық аламанда 87 килограмм салмақта сынға түскен шымкенттік Смайыл Дүйсебай алтыннан алқа тағынса, 54 килограмм салмақтағы астаналық Айтуар Шәйкенов пен 73 килограмм салмақтағы алматылық Мереке Жүнісов қола медальды қоржынымызға салды.

ТабиғатАБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support