- Advertisement -

Студенттер спартакиадасы аяқталды

192

- Advertisement -

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы!» ұранымен өткізілген спартакиада мәресіне жетті.
Студенттер аламаны шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика секілді спорт түрлерін қамтыды. Жарысқа 11 командадан 294 студент қатысып, бәсеке көрігін қыздырды.
Спартакиада қызығы шағын футбол додасында қыза түсті. Барлық команда ойыншылары жеңіске жету жолында аянып қалған жоқ. Әйткенмен Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы қарсыластарының бәрінен басым түсіп, топ жарса, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұжымы екінші орынды, Жамбыл медициналық колледжінің командасы үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Ұлдар арасындағы волейбол додасында «Астана» көп салалы колледжі құрамасы жеңімпаз атанса, Жамбыл политехникалық колледжі екінші орынды, Тараз «Парасат» колледжі үшінші орынды иеленді.
Жарыс барысында барлық спорт түрлері бойынша үздік шыққандар марапатталып, ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте үздіктер анықталды. Нәтижесінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің құрамасы спартакиада жеңімпазы болып танылса, «Астана» көп салалы колледжінің командасы мен Тараз «Парасат» колледжінің ұжымы тиісінше екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support