- Advertisement -

Будапешттегі табыс

107

- Advertisement -

Бірінші дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатының алғашқы ойынын Венгрия астанасы Будапештте жергілікті хоккейшілерге қарсы өткізіп, жарқын мәнердегі жеңіске қол жеткізді.
Бұл ойында ұлттық құраманың қақпасын швециялық Хенрик Карлссон қорғады. Ол өзінің шын шебер екенін әйгілеп, қақпасын шайбадан аман сақтап қалды. Ал Қазақстан хоккейшілері қарсыластарын ойсырата ұтып, мажар еліне жайдан-жай келмеген­дерін дәлелдеді.
Ойынның алғашқы екі кезеңінде қос команда хоккейшілері алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп аша алған жоқ. Бар мәселені үшінші 20 минуттыққа қалдырды. Кездесудің үшінші бөлігінде қазақстандық хоккейшілер қарсыластарын әбден тықсыртып, есептегі басымдыққа қол жеткізді. Алдымен 44-минутта қорғаушы Валерий Орехов мергендігімен көзге түсіп, ұлттық құраманы алға жетелесе, арада 57 секунд өткенде Евгений Рымарев есепті еселеді. Ал ойынның 48-минутында сол Рымарев екінші шайбасын соғып, хоккейшілеріміз 3:0 есебімен басымдық танытты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support