- Advertisement -

Наурызда орташа айлық еңбекақы 153,2 мың теңгені құрады

121

- Advertisement -

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бірінші тоқсанда ел экономикасында оң үрдістер сақталғанын мәлімдеді. Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 4,1% құрады, 2017 жылдың осындай кезеңінде 3,6% болған.

«Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ЖІӨ ұлғаюына инвестициялардың жоғары өсуі мен төмен инфляциялық процестер септігін тигізуде», — деді Тимур Сүлейменов.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, өнеркәсіптегі өсім 5,3% құрады (2017 жылғы I тоқсанда — 5,8%). Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқын көрсетіп отыр. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс 5,1% өскен. Бұл салада табиғи газ өндірісі 6,2%, мұнай — 6,1% және темір кені — 3,7% құрады.

Өңдеу өнеркәсібі 6,2% өсімді көрсетті. Қағаз өнімдерін өндіруде (14,9%), химия өнеркәсібінде (14,3%), фармацевтикада (10,2%) екі мәндік өсім байқалып отыр. Басқа да өңдеу өнеркәсіптері жылдам өсуде. Машина жасау — 9%, жиһаз өндірісі — 8,5%, сусын өндірісі — 8,1% және азық-түлік өнімдерінің өндірісі — 6,5%, сондай-ақ металлургия — 5,6% құрайды.

Ауыл шаруашылығында динамика жақсарды. Өсім 3,6% құрады. Өсу мал шаруашылығы өнімдерінің 3,8% кеңеюімен негізделеді.

І тоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі екі айлық төмендеуден кейін өсу траекториясына шықты. Құрылыстағы өсу 5,9% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 39,5% ұлғайды. Инвестициялық салымдар көлік саласына (58,5%-ке), құрылысқа (57,2%-ке), өнеркәсіпке (51,6%-ке) және саудаға (47,3%-ке) артты.

«Еңбек нарығындағы жағдай орнықты болып қалуда. Наурыз айында жұмыссыздық деңгейі 4,9% сақталды. Еңбекақының өсуі байқалып отыр. Қаңтар–наурызда орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгеге дейін жетті», — деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Дереккөз: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support