- Advertisement -

Кесеқап

441

- Advertisement -

Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет. Мәселен, кесеқап – кесе сақтайтын аяққап. Бұл ыдыс түрін халық шеберлері көшіп-қонып жүргенде шыны кеселер қирап қалмас үшін ойлап тапқан. Кесеқаптың «сыңар емшек», «қос емшек», «үш емшек» деген түрлері бар. Ол тері, мата секілді әртүрлі материалдардан жасалады.
Бірінші суреттегі кесеқап ХІХ ғасырға жатқызылады. Материалы: тері, күміс, ағаш. Үш емшекті тері қап ою-өрнекпен безендірілген. Барлық бөлігіне жапырақ тәрізді күмістер жапсырылған. Терінің кейбір бөліктері қиылған. Күмістен, теріден жасалған мұндай кесеқаптарды көбіне бақуатты адамдар пайдаланған.
Қолөнер туындысы музей қорына 1970 жылдары түскен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support