- Advertisement -

«Винегреттің» базарлығы

156

- Advertisement -

Облыстық көрме залы қызмет­кер­лерінің ұйытқы болуымен «Винегрет» шығармашылық көрмесі өтті. Аталған іс-шараға қылқалам шеберлерінің портрет­тері, пейзаж, авангардтық жанр­дағы 100-ден аса туындылары қойылды.
Жұртшылықтың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тың туындыларды көпшілікке таныстыру, насихаттау мақсатында өткізілген көрмеге келушілер 2011 жылы құрылған «Винегрет» тобының дүниелерін тамашалап, әуесқой суретшілердің өнеріне баға берді. Олар қылқалам шеберлерінің майлы бояумен әдіптелген, мазмұны терең шығармаларын көріп қана қоймай, суретшілер қауымымен пікірлесті. Көрме залына жиналғандар, әсіресе табиғат көрінісін айшықтаған пейзаж жанрындағы суреттерге аса қызығушылық танытты.
Шара барысында Ульяна Распутина, Владимир Худяков, Владимир Новодичий және Татьяна Шелудченкова, Рахат Сапаралиева, Сергей Копылов, Сергей Назин, Оксана Щибунок, Иса Тазабаев, Елена Панина сынды қылқалам шеберлері ұйымдастырушылардың арнайы марапатына ие болды. Айта кетейік, аймақтағы сурет өнерінің дамуына үлестерін қосып жүрген «Винегрет» тобының көрмесі 19 сәуірге дейін жалғасын таппақ.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support