- Advertisement -

Ұлт құндылықтары ұлықтала береді

146

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – еліміздің болашағына бағыт беретін, әрбір адамның өзін және айналасын тануға жол ашатын басты идеологиялық құжат. Біздің ауданда осы бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасалған. Оның барлық тармақтары бойынша 11 адамнан құрылған жұмысшы топ, сондай-ақ ауданның зиялы қауымының өкілдерінен сайланған 19 спикер жұмыс жүргізуде.

Рухани құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 95 жылдығына орай аудандық А.Асқаров атындағы орталық стадион алдына ескерткіш бюст орнаттық. Оның ашылу салтанатына қайраткердің жұбайы – Фатима Ғалиқызы және Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, әнші-композиторлар, қоғам белсенділері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, тұрғындар қатысты. Аудандық Мәдениет үйінде «Асанбай Асқаров – мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және мерекелік концерт өтті. «Туған жер» бағдарламасы әрбір азаматты туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға шақырады. Бұл бағдарлама бізге «Туған жерге тағзым» акциясын ұйымдастыруға түрткі болып, ауыл тұрғындары, белсенді азаматтардың, кәсіпкерлердің қолдауымен елді мекендерді көркейту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жоба аясында «Үміт» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Туған жерім – асыл қазынам» атты сурет байқауы өтті. Ал «Туған өлке мәдениеті» атты жоба аясында «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы» атты фестивалін өткізуге аудан жастары атсалысып, оған 8 этномәдени орталық өкілдері қатысты.
Жалпы, ауданда өткізілген «Қазақстандық патриотизм – ел бірлігінің кепілі» атты семинардың, ауданның тарихи-мәдени нысандарындағы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты мектеп оқушыларымен экскурсияның және «Өз жеріңді біл» атты кітап көрмесінің қатысушыларға берген әсері мол болды. Музейде өткен Ашық есік күнінде туған жеріміздің шежірелі тарихы және қазіргі келбеті туралы сөз қозғалды. «Мәңгілік ел – ортақ құндылықтарымыз» атты дебатқа аудандық этномәдени орталықтардың төрағалары А.Ландик, Г.Джамалов, Н.Джарашуев, Х.Алиев, А.Диярова қатысып, өз ойларын ортаға салды. Елдің тарихы мен мәдениеті туралы әңгімеледі.
Ауданда латын қарпіне көшуге дайындық бойынша желілік кестеге сәйкес, 72 іс-шара өткізілді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – болашақтың адамы қандай болуы керектігін және адамзатты рухани байыту жолын көрсететін негізгі құжат. Ауданда оны іске асыру үшін қолға алынған жұмыстар жалғасын табатын болады.

Марат ҚАСЫМ,
аудан әкімінің орынбасары

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support