- Advertisement -

Әлеуетін арттырған ел озады

103

- Advertisement -

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасы мемлекеттік саясаттың түпкі мақсаты халықтың әл-ауқатымен әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға негізделгенін тағы да дәлелдеді. Өйткені бұл жарқын болашаққа даңғыл жол ашады. Қоғамды тұтастыра түседі. Бір сөзбен
айтқанда, Ұлт Көшбасшысы туған Отанның өркендеуі мен елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған өрісі кең, мақсаты айқын бағдарды ұсынып отыр.

Біздің ел Ата Заңында айшықталғандай, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті орнықтыруда. Елбасы Қазақстан Конституциясында белгіленген әлеуметтік мемлекет позициясын жарқын бастамасымен бес қадам алға шығарды. Мемлекет басшысы бұл бағдарламалық маңызы зор тарихи құжатқа әр отбасына баспана, салық жүктемесін азайту арқылы еңбекақы көлемін ұлғайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру және жатақхана жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін ұлғайту мен газдандыру мәселелерін арқау еткен.
Биік белестерді бағындыруға бағытталған бес бастама барша отандастарымызды, оның ішінде жастарды Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған сындарлы саясаттың маңына топтастыра түсетіні анық. Ендігі мақсат – Үкімет әзірлеп жатқан кешенді жоспарлардың табысты іске асырылуына үлес қосу.
Елбасы өз Үндеуінде белгілеген бес бастаманы жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясына үлкен сенім артты. «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады» деп партия алдына нақты тапсырма қойып отыр. Сондықтан көшбасшы партия мен оның құрылымдары, барлық деңгейдегі депутаттық фракциялары мен нұротандықтар күш біріктіріп, жүктелген міндеттерді толық орындап шығады деген ойдамын.

Анар АХМЕТОВА,
«Нұр Отан» партиясы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі

Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support