Австриялық компания Қазақстанда жаңа зауыт салады
БАӘ энергетика министрлігі, Самұрық-Қазына» («Біріккен химиялық компания») және австриялық Borealis компаниясы Атырау облысында полиэтилен шығаратын жоба (жылына 1,2 млн тонна) ынтымақтастығының негізгі шарттары жөніндегі құжатқа қол қойды. Келісімге мемлекет қолдау көрсетіп, жобалау кезеңіне – техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) көшуге міндеттейді. ТЭН әзірлемесін 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тараптар Атырау облысындағы полипропилен өнімінің жобасына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Borealis компаниясы полипропилен жобасының техникалық-экономикалық талдауы мен заңды сараптамасын жасауы керек.
Жаңа өнімнің құны – 2,6 млрд доллар. Полипропилен зауытының қуаты жылына 500 мың тонна болмақ.
Дереккөзі:baq.kz
Comments are closed.