- Advertisement -

«Өз талыңды отырғыз»

112

- Advertisement -

Наурыз мерекесі қарсаңында «Ауыл» партиясы облыстық филиалының қатары жаңа мүшелермен толықты. Салтанатты шараға Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев қатысып, бірқатар партия мүшелерін Құрмет грамотасымен марапаттады. Ұйым қатарына өтуге өтініш білдіргендерге билетті төрағаның өзі тапсырғанын айта кету керек.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимаратында өткен салтанатты шараны партияның аймақтық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов ашып, атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Өз кезегінде сенатор Ә.Бектаев та партияның алға қойған мақсат-міндеттерін қозғап, көпшілікті мерекемен құттықтады.
«Ынтымақ» күніне орай «Ауыл» партиясының облыстық филиалы «Өз талыңды отырғыз» атты экологиялық акциясын ұйымдастырған болатын. Партия төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Ә. Бектаев бастаған ұйым мүшелері «Тараз» қонақ үйінің және 13-ықшам ауданының, облыстық және қалалық балалар ауруханаларының алдына тал көшеттерін отырғызды.
Иә, Елбасымыз атап өткендей, әр адам жылына туған күнінің құрметіне бір ағаш отырғызатын болса, елімізде жыл сайын 18 миллион түп шыбық жайқалып өсер еді. Әрине оны басқа емес, жыл басталатын наурыз айында іске асырған дұрыс. Бұл бастаманы барша қазақстандық қолдап, еліміздің экологиясына тамшыдай болса да үлесін қосарына партия мүшелері сенімді.

«Aq jol»-Ақпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support