- Advertisement -

Дәстүр мен тарихты дәріптеген

138

- Advertisement -

Облыстық «77 ТV» коммерциялық телеарнасы орта ғасырлар тарихынан сыр шертетін «Төрткүл» керуен сарайында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Көпшіліктің көзайымына айналған телеарна түсіріліміне терең тарихтың көмбесі іспеттес «Төрткүл» керуен сарайын жайдан-жай таңдап алған жоқ. Оның өзіндік себебі де бар. Ұлық мереке хақында фильм түсіріп жатқан телеарна ұжымы туынды желісінде көне дәуір кезеңдерінің тыныс-тіршілігі мен бүгінгі күннің ауанын бір арнаға тоғыстырмақ ниетте. Аталмыш фильм әз Наурыз күні көпшіліктің назарына ұсынылмақ.
Жаңа туындыда Наурыз мерекесін тойлағанға дейінгі кішігірім сахналар көрсетіліп, театр әртістері, телеарна ұжымы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен әз-Наурыз тойланады. Төл мерекеміздің мерейін арттырып, дәстүр мен тарихты дәріптеуді көксеген туынды көпшіліктің көңілінен шығады деген үміт басым. Шара барысында шығармашылық ұжым мереке аясында жайылған ақ дастарқаннан дәм татуға облыстағы тілшілер қауымын шақырып, ілтипатын көрсетті.

«Aq jol»-Ақпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support