Нұрсұлтан Назарбаев Паралимпиада чемпионын құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядинге құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
Бұл туралы ҰР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Колядинге құттықтау хат жолдады. Біздің Чемпионымызға жанкүйер болған баршаға алғыс», — деп жазылған парақшада.
Еске сала кетейік, қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл — еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
Вaq.kz ақпарат агенттігі Александр Колядиннің мәре сызығынан бірінші болып өтіп, жеңген сәтінен эксклюзив видео жариялады.
Дереккөз:baq.kz
Comments are closed.