- Advertisement -

Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай жастар флэшмобы өтті

146

- Advertisement -

Бүгін «JAMBYL»  телеарнасының ұжымы студенттердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырды. Жастардың бұл бастамасы Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында өтіп отыр.

Телеарна ғимараты алдына жиналған жастар әдемі әуеннің ырғағында би билеп, 60 санын көктем гүлдерімен үндес, түрлі-түсті қолшатырмен әсемдеп жазды. Ұлттық арнаның мерекесінде қос телеарнаның тулары самал желмен тербеліп, көне шаһарды бір уақ әсем күйге бөледі. Жамбылдық жастар еліміздің бас арнасына деген ілтипатын осылайша білдірді.

– Қазақстан Ұлттық арнасы осыдан 60 жыл бұрын Алматы студиясында алғашқы хабарын тарата бастаған болатын. Содан бері медиа кеңістікте өз орны бар арна Астана қаласынан хабар таратып келеді. 60 жыл толып отырған ұлттық арнаға өз үлесімізде қосу ниетімен біз жастармен бірге бүгін флешмоб ұйымдастырып отырмыз, –дейді «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары-бас редактор Алпамыс Қазыбаев.

Электронды ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «QAZAQSTAN» телеарнасы  бүгінде қанатын кеңге жайып, тамыры тереңге бойлады. Құрамында 3 телеарна,  14 аймақтық филиалы мен 30-дан астам интернет пен 4 радиожелісі   бар. Солардың бірі – «JAMBYL»  телеарнасы бүгінде тек үлкендердің ғана емес, жамбылдық жастардың да қызығып қарайтын телеарнасына айналған. Өңірдің тыныс-тіршілігін қамтитын  түрлі бағдарламалар,  күнделікті жан-жақты тың жаңалықтар көзі қарақты көрерменге күнделікті жол тартады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support