- Advertisement -

Анасын өлтірді деп айыпталған жігіт 5 жылдан кейін ақталды

106

- Advertisement -

2013 жылы Дмитрий Крутихин анасының өлімі үшін кінәлі саналып темір торға тоғытылған болатын. Алайда, араға бес жыл салып ақтаулық жігіт толығымен ақталып бостандыққа шығарылды.

2013 жылдың 1 мамырында қайтыс болған әйелдің өліміне баласы Дмитрий Крутихин кінәлі деп танылған еді.

Өзіне берілген жазаның бес жылын темір тордың ар жағында өткізген Дмитрийді 6 наурыз күні Маңғыстау облыстық соты кінәсінің жоқтығын растап, бостандыққа шығарды.

Кінәсін растайтын дәлелдер мен өлтіру себептерінің жоқтығы есебінен Дмитрий Крутихин заңды түрде ақталып шықты.

Дмитрийдің жұбайы Александра Крутихина сот жұмысына өз ризашылығын аямай жаудырды. Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы күткен әділеттік орнаған күн туған. Дмитрийдің туыстары соттан өтемақы талап етпейтіндерін де айтты.

Айта кетейік, 2013 жылы ЖШС МАЭК Казатомпром аумағында әйел адамның денесі табылған. Атаулы мекемеде оператор қызметін атқарған Натальяны жұмыс орнында алты жерінен пышақ салып, басынан ауыр затпен соғып өлтіргені белгілі болды. Марқұмның денесін бірінші болып күйеуі мен ұлы тауып алған.

Тергеу ісінде басты күдікті ретінде Натальяның ұлы Дмитрий назарға ілінген. Бастапқыда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан ол қылмыс жасалған қаруы бар сөмке табылған бетте анасын өлтіргенін мойындады.

Дмитрий Крутихинді 2013 жылы он жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілген. Алайда, оның қорғаушысы да, отбасы да шыққан үкімге наразылығын білдірді.

Араға бес жыл салып, іс бойынша қайта тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде қылмыскер деп танылған адамның кінәсі жоқ болып шықты. 

Дереккөз: alashainasy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support