- Advertisement -

Апат айтып келмейді, дегенмен…

173

- Advertisement -

«Апат айтып келмейді» дейміз, әдетте. Алайда бүгінгідей барлық БАҚ көздерінен, ауа райын болжау орталықтарынан, төтенше жағдайлар департаменті сынды құзырлы мекемелер тарапынан ұдайы ескертіліп, әр нәрсенің ережесі, нұсқаулығы жазылып, тіпті жел тұрып, жауын жауса да ұялы телефонымызға күні бұрын хабарлама келіп түсіп тұрған заманда апатты айтып келмейді деуге болмайтындай.
Десек те қанша жерден алдын ала айтылып, ескертілгеніне қарамастан, өткен жылы орын алған 56 табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан 65 адам зардап шегіп, 43-і қаза тапқан. Ал техногенді сипаттағы, яғни тұрмыстық өрттер мен жарылыстар, көліктік және өндірістік апаттар секілді 79 төтенше жағдай салдарынан 81 адам жарақат алып, 24 адам мерт болған. Ең өкініштісі, шомылу маусымы кезінде 33 адамның суға батуы тіркеліпті, оның ішінде 22-сі жасөспірім жеткіншек – жартысынан астамы 7 жасқа дейінгі балалар. Бақытсыздық оқиғалары негізінен азаматтардың жедел құтқару жасағы бөлімшелері күшімен күзетілмейтін және арнайы жабдықталмаған су қоймаларында шомылуынан, ал балалардың ата-ана бақылауынсыз қалып қоюынан орын алған.
Жалпы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері күшімен былтыр 1476 тұрмыстық сипаттағы, 87 жол-көлік оқиғалары, 47 іздестіру-құтқару, 460 авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде 1054 адам құтқарылып, 1199-ы қауіпсіз аумаққа жеткізілген. Зардап шеккен 63 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, су айдындарынан 23 адам құтқарылған. Аталмыш департаментте төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша 1365 адам оқыту, үйрету машығынан өткен. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы «112», «101» нөмірлеріне түскен 700 мыңнан астам қоңырау қабылдаған.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Алпысбаев жан-жақты баяндап берді.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support