- Advertisement -

Боксшылар бәсекесі мәресіне жетті

126

- Advertisement -

Бокстан КСРО спорт шебері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңес Омаровты еске алуға арналған былғары қолғап шеберлерінің халықаралық турнирі мәресіне жетті.
«Тараз–Арена» спорт кешенінде өткен додаға Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикаларынан, сондай-ақ еліміздің барлық облысынан 206 саңлақ қатысып, жүлде жолында жанкештілік танытты. Осынау аламанға өңірімізден 22 сайыпқыран топқа түсіп, оның алтауы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізді.
Шаршы алаңда қарсыластарының мысын басқан 56 килограмм салмақ дәрежесіндегі үш өреніміз де жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аталмыш салмақта жұдырықтасқан Бибарыс Жексен дода жеңімпазы атанса, Жансерік Дүйсенбек күміс жүлдеге, Нұрбек Ермахан қола жүлдеге лайық деп танылды. 75 килограмм салмақ дәрежесінде өзінің шын мықты екенін әйгілеген Дінмұхамед Ахметжанов қарсыластарынан айласын асырып топ жарса, 91 килограмм салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Арнұр Ахметжанов екінші орынға орнықты. Ал 69 килограмм салмақта шаршы алаңда өнер көрсеткен Дәулет Галиакбарға қола жүлде бұйырды.
Бірнеше күнге созылған халықаралық аламан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шеберлігі толысқан саңлақтар жүлдегер атану үшін барын салғаны көзге айқын көрініп тұрды. Тартысты жекпе-жектерде қатарынан оза шапқан жерлестеріміздің алты бірдей жүлдеге қол жеткізуі, сөз жоқ, толайым табыс. Енді осы өрендеріміз алдағы сындарда да сүрінбей, биік межелерді бағындырса дейміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support