- Advertisement -

Ішкі істер бөлімі жаңа ғимаратта

169

- Advertisement -

Күрделі жөндеуден өткен Талас аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыстық ішкі істер органдарының басшылары қатысты. 1957 жылы соғылған ғимарат бірнеше жылдан бері тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған-ды. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржының нәтижесінде жұмыстары алты айда аяқталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов: «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Полицейлер – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдыңғы шепте тұратын адамдар», деп, полиция қызметкерлерінің рөлін айқындап көрсетті. Қоғамның тыныштығы мен ел қауіпсіздігіне жауапты жандар қандай құрметке болсын лайықты», – деді құттықтау сөзінде. Содан кейін жиналғандар ғимаратты аралап, жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысып, мәжіліс залына жиналды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев ішкі істер бөлімін алдағы уақытта үш автокөлік, компьютерлермен қамтамасыз ететіндігін және бір тірек пунктін соғып беруді жоспарлап отырғандығын айтты. Енді қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылып, қолайлы жағдай жасалған ғимаратта аудандық ІІБ қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік күзеті мен қылмыспен күресте тиімді жұмыс нәтижесін көрсетсе деген тілектерін білдірді жиналғандар.

Шынар САҒИЕВА

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support