- Advertisement -

Ұстаз мәртебесі – ұлттың мәселесі

176

- Advertisement -

Мен мектепте үзіліссіз еңбек еткен ұстаздардың бірімін. 20 жыл мектеп директорының оқу ісі мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 25 жыл қатардағы ұстаздық қызметті атқардым. Көп жыл ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп, ардагер ұстаз атандым.

Мемлекет басшысы Жолдауға қатысты мәлімдемесінде: «Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығымен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс», – деп атап көрсетті.
Адами капитал – жаңғыру негізі, білім берудің жаңа сапасы болып табылады. Бүгінде мемлекет тарапынан жаңа мамандық алу үшін барлық жағдай жасалған. Оқимын, қосымша мамандық аламын десеңіз, жергілікті әкімдік, арнайы семинарлар мен курстарды тегін өткізеді.
Елбасы Жолдауда:«Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болуы және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуы тиіс» – деді. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай, мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет екенін баса айтты Елбасы. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады, – деді. Педагогтерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігі де айтылды.
Адами капиталдың сапасының басты көрсеткіші – мектептегі жаңашыл, үздік ұстаздар мен болашақ ұрпақтардың білім деңгейінен айқын аңғарылады. Мектептегі басты тұлға – білікті де білімді, жоғарғы деңгейдегі, жаңашыл, озат тәжірибелі, шығармашылық жұмыстармен айналысатын үздік ұстаздар ғана мектепте ұстаздық жолда қала бермек.
Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналды. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылатыны Жолдауда анық айтылды. «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде», – деді Елбасы.
Мектептердегі негізгі тұлға – ұстаздар екендігінде дау жоқ. Адами капиталдың сапасын арттыратын, негізгі бастауы – ұстазға байланысты. Сондықтан бұл мәселені Елбасы – негізсіз көтеріп отырған жоқ. Мектептердегі ұстаздардың мәртебесін арттырып, беделін асыру – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі. Соңғы жылдары мектептегі ұстаздардың мәртебесі мен беделінің төмендеп кеткені ащы шындық. Ұстаздардың мәртебесін, беделін бір директор көтере алмайды, оны қоғам болып қолға алуы керек. Бұрынғы қасаң болған, Кеңес заманы тұсындағы бағдарламадан, тәртіптен, тәрбие жұмыстарынан түбегейлі арылуға тиіспіз. Ұстаздар қағазбастылықтан құтылуы тиіс.
Қазақ елі – Елбасының бастауымен өркендеудің, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне түсті. Осы жолда барлығымыз, бір кісідей ерінбей, талмай еңбек етуіміз керек.

Ниязхан БЕЙСЕНОВ,
ардагер ұстаз

Түймекент ауылы,
Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support