- Advertisement -

Бұйрықтық өндірістің толықтырулары түсіндірілді

138

- Advertisement -

Облыстық сотта Қылмыстық-процессуалдық кодексіне енгізілген толықтыруларға арналған «Бұйрықтық өндіріс» тақырыбында семинар өтті. Оған облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура және ІІД, БАҚ өкілдері қатысты. Сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов бұл басқосудың мақсаты аталған заңға енгізілген толықтыруларды талқылау екендігін айтты. Семинарға қатысушыларға бұйрықтық өндірісті қолданудың шарттары, сотқа бұйрықтық өндірісті қолдану туралы қаулыларды жіберу тәртібі, прокурордың іс-әрекеті, айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны, шағымдану мен бұйрықтық өндіріс тәртібіндегі қылмыстық істерді және айыптау үкімдерін тоқтату туралы қаулылардың заңды күшіне ену шарттарын жіберу тәртібін ашатын «Бұйрықтық өндірістің» толықтырулары түсіндірілді. Байзақ аудандық сотының төрағасы Ерғазы Тілеубеков пен Тараз қалалық №2 сотының судьясы Нұрлан Дауылбаевтың «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы бұйрықтық өндіріс» және «Бұйрықтық өндірістің ерекшеліктері» туралы баяндамалары тыңдалды. Е.Тілеубеков қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қараудың бір міндеті, ол жәбiрленушiнің, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің келісімдерінің болуын атап өтті. Аталған істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу бес тәуліктен аспауы қажет. «Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен істерді қарау процессуалдық шығындарды үнемдеуге, жедел түрде тергеудің жүргізілуін, қылмыстық істерді қараудың және сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді» деп атап көрсетті аудандық соттың төрағасы. Облыстық соттың судьясы Мейірхан Атибеков бұйрықтық өндіріс тәртібімен қарауға жататын қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына, тәртібіне, мерзімдеріне, бұйрықтық өндіріс тәртібімен қаралған істерге судьялардың өкілеттілігіне қатысты қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Жиынның қорытындысында ары қарайғы сот тәжірибесінде ескерілетін, қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі арттыруға қатысты тиісті ұсынымдар әзірленді.

Замира АНДАС

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support