- Advertisement -

Рысқұлбеков рухына тәу етті

184

- Advertisement -

86-ның желтоқсаны… Содан бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, сол бір кездің ауыр естелігі ұмытылмайды. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік рухын асқақтатты. Желтоқсаншылардың жеңісінің өзі – осы. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі күнінде егемен елдің ұландарының облыс орталығындағы Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа жиналып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдыруы да сондықтан.

Елдікке үндеген шараға биыл облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары, «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, студент жастар, оқытушылар қатысып, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алды. Рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл қойды.
Табиғаттың мінезі ме, кім білсін, оңтүстік өңірдің қысы жылы болғанымен, дәл осы желтоқсан айында күн райы алабөтен ызғырық суық есіп тұратыны бар. Құдды, Жер-Ананың өзі Желтоқсан оқиғасындағы құрбан болған ұл-қызын еске алып тұрғандай.
Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің есімімен аталатын саябаққа жиналған жұртшылық та бір ауыр естелік шырмап алғандай, үнсіз. Өткенді оймен шолып, көңілдегі шерді іштей тізгіндейтіндей.
Осы күні Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында Қайраттың жерлестері де аудандағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішінің алдына жиналып, Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған митинг өткізді. Гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен батыр ұлдарын еске алды.
Жиында аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, Желтоқсан оқиғасының куәгері Закира Мүлкібаева желтоқсанда құрбан болған боздақтардың өмірі туралы естелік айтты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары Желтоқсан және тәуелсіздік тақырыбындағы жыр жолдарын мәнерлеп жатқа оқыды.

 

Ардақ Үсейінова
Уалихан Жайлау

Тараз – Мойынқұм.

Суретті түсірген
Алтынбек Қартабай

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support