- Advertisement -

Сексен отбасы баспаналы болды

111

- Advertisement -

Еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында тараздық тұрғындар тағы бір қуанышқа кенелді. «Қарасу» мөлтек ауданында көп балалы, толық емес отбасыларына, бюджет саласының қызметкерлеріне 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов қатысып, жаңа пәтер иелерін мерекемен құттықтай келе: 

– «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары Тараздағы «Арай» алқабында жоспар бойынша 19 үйдің жобасы бекітілген болатын. Әзірге 1245 пәтерлі, жалпы ауданы 85,5 мың шаршы метрді құрайтын 15 үйді пайдалануға бердік. Биыл жоспардағы 319,6 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарын толығымен орындадық.
Облыста сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен осы жылға 1,56 миллиард теңге бөлініп, 17,7 мың шаршы метр 258 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталған-ды. Оның 11,9 мың шаршы метрі немесе 3 үй үстіміздегі жылы пайдалануға берілуде. Соның қатарында бүгін өздеріңіз ие болатын «Қарасу» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі үй де бар, – деп қуаныш иелеріне пәтер кілттерін табыстады.
Мұнан соң жаңа қоныс иесі, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің іс жүргізушісі Зылиха Умеева сөз алып, пәтер алушылар атынан Елбасына, облыс әкімі мен құзырлы орын басшыларына алғыс айтты.
Жалпы, №17 бұл тұрғын үйдің құрылысы биыл шілде айында басталған болатын. Мердігер – «ПроектСтройСервис» ЖШС. Пәтерлердің жалпы аумағы – 4205,6 шаршы метр. Құрылысқа республикалық бюджеттен – 571,783 миллион, облыстық бюджеттен 58,541 миллион теңге бөлінген.
Ғалымжан Райылұлы салтанатты жағдайда тұрғын үй лентасын қиған соң қонақтар оның ішін аралап көрді.

Эльвира Жарылқасынова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support