- Advertisement -

Ақиқаттың алтын діңгегі

85

- Advertisement -

Дәуіт Қадырханов,
ҚР еңбегі сіңген қызметкер, медицина ғылымдарының докторы, Меркі ауданының
Құрметті азаматы.

Мен үшін «Ақ жол» газеті ғибраты мол, үнемі халықты ізгілікке және жақсылыққа үндеп, жарқын болашаққа жетелейтін айтулы басылым. Ол халықты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, дүниені тануға, адамдардың еңбегін бағалауға үйретіп келеді. Сондықтан да облыстың бас басылымы мен үшін тіршіліктің тынысы, ақиқаттың алтын діңгегі.
«Ақ жол» – аты айтып тұрғандай тура жолды нұсқайтын, қисық жолға жүрмейтін, шаршау дегенді білмейтін ақ тілекті, ақ жүректі газет. Алпыс жылдай сырласыма, досыма, айналған облыстық баспасөздің қара шаңырағы атанған басылымнан еліміздегі болып жатқан бар жаңалық, жақсылықпен жедел таныстырып, жүздестіріп жүрген жайы бар.
Оған бүгінгі газет беттерін парақтап отырып көптеген мысалдар келтіруге болады. «Адамдар. Жылдар. Тағдырлар» айдарымен беріліп жүрген мақалалар арқылы өмірі көпке үлгі болған, артында ізі қалған айтулы азаматтар жайлы кеңінен мағлұмат алып келсек, соңғы кездері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді саралап, талдап, оны халыққа түсіндіру барысында жазылып жүрген дүниелер де көптің көңілінен шығуда. «Атамекен атаулары» айдарымен беріле бастаған мақалалар да тағылымы мол дүние. Мұндай көптеген мысалдар газетте ізденістің, ілгерілеудің бар екенін көрсетсе керек.
Облыс баспасөзінің қара шаңырағы алдағы уақытта да қазіргі заманның ағысын айқын суреттеп, көкейге нұрлы сәуле ұялататын шұғылалы шығармалар жаза беретініне кәміл сенемін. Сондай-ақ, облыс жұртшылығы жаппай «Ақ жолға» жазылып, таралымы арта берсін деген тілек білдіремін!
Айтары айқын басылым – «Ақ жолға» жазылайық, ағайын!

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support