- Advertisement -

Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі

103

- Advertisement -

71ac335f24ba24d5bd85401df4b67cfaҚазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономикадағы және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.
– Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы өзара сауда-саттық көлемі үш есе өсті. Барлық бағыттар бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылуда, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы нәтижелі болып отырғанын айтты.
– Орын алған қиындықтарға қарамастан, біз алға жылжып келеміз. Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі. Сонымен қатар, Байқоңыр кешеніне қатысты әріптестігіміздің дамып келе жатқанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, екі елдің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік саясаттың мейлінше өзекті мәселелеріне тоқталды.
Владимир Путин мемлекетаралық байланыстарды дамытудың және нығайтудың басты факторы саналатын екіжақты кездесулердің маңыздылығы мен нәтижелілігі жөнінде айтты.

* * *
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен бірге Германия Федеративтік Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті.
Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық серіктестік орныққанын атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдарында Германия Қазақстанға 5 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Бұл ретте, оның 90 пайызы шикізаттық емес секторға салынғанын атап өткен жөн. Биылғы 8 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға өсті. Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда 19 ірі инвестициялық жоба іске асырылды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның этносаралық келісімді сақтау саласында жүргізіп отырған саясатына тоқталып, елімізде тұрып жатқан неміс диаспорасына қолдау көрсету жөніндегі өзара ынтымақтастыққа назар аударды.
Қазақстан Президенті біздің елімізде неміс капиталының қатысуымен іске асырылып жатқан жобаларға тоқталды.
– Қазақстанда бүгінде неміс капита-лының қатысуымен түрлі салада, соның ішінде құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларында 900-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басты рөл атқаратын Еуразиялық көлік дәлізінің әлеуетін атап өтті.
– Бүгінде Қазақстан арқылы халықаралық 5 темір жол және 6 автомобиль жолы өтеді. Осылайша, сіздер пайдалана алатын стратегиялық көлік дәліздері қалыптасып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті елімізде қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуалды қалыптастыру үшін қабылданып жатқан негізгі шараларға тоқталды.
– Бизнеспен айналысатындардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлік саласындағы заңнама жетілдірілуде. Былтыр біз Дүниежүзілік банктің рейтингінде 35-орынға ие болдық. Осы жылдың басында Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болып, Халықаралық инвестициялар декларациясына қосылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына тоқталып, елімізде бизнесмендер үшін жасалған жағдайларды, соның ішінде олардың инвестициялық жобалар бойынша корпоративтік салықтан босатылатынын және бірқатар елдермен визасыз режім орнатылғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Германия инвесторларын еліміздегі жекешелендіру үдерісінің үшінші кезеңіне атсалысуға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты белсенді дамытуға шақырды.
– Кәсіпкерлер бизнесін дамытып, өзара тиімді серіктестікті ілгерілету үшін барлық мүмкіндікті пайдалануы қажет. Біздің бүгінгі кездесуіміз әріптестігімізді нығайта түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
* * *

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді қорытындылады.
– Алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары белгіленді. Елдеріміздегі цифрландыру мәселесіне қатысты перспективалы бағыттарды айқындадық. Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында осы салада бірлесе жұмыс жүргізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстанда цифрландыру мәселелері жөнінде кездесу өткізу жоспарланғанын айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті германиялық бизнесмендермен өткен кездесудің нәтижелері туралы әңгімеледі. Онда Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын экономиканың түрлі салалары бойынша ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталды.
– Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас ең жоғары деңгейде. Байқоңырға қатысты бағдарламаны бірлесе іске асыру жөнінде уағдаластық. Сонымен қатар, Өзбекстанға мұнай құбырын салу жоспарланып отыр. Сол үшін тиісті жұмыс атқарылуы керек,– деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Еуразия көлік дәлізін дамытуға байланысты Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін одан әрі пайдалану мәселесі де талқыланғанын атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support