- Advertisement -

астаналықтарды тағы да қуантты

80

- Advertisement -

Жәрмеңкелі жаздың алтын күзге ұласар шағында жиын-терін қызу жүргізілуде. Өнім де мол. Осыған байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында үстіміздегі жылдың 19-20 тамызы аралығында Астана қаласының «Қазақстан» спорттық кешені аумағында өткен Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне келушілер қарамы да мол болды. Елорда тұрғындары мен қонақтары әулиеаталық дихандар қолымен өндірілген сапалы әрі жаңадан сөреге түскен ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Өңіріміздің тауар өндірушілері бұл жолы Астанаға ет, сүт, кондитерлік, шұжық және макарон өнімдерін, жұмыртқа, бал, күріш пен қарақұмық жармасын – жалпы құны 166,2 миллион теңгені құрайтын 277,6 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып барған болатын. Өнімдердің басым бөлігін – 213 тоннасын көкөніс пен жеміс-жидек құрайды. Тауарлар 7 арнайы рефрижератор көмегімен жеткізілді.

«Ақ жол» — Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support