- Advertisement -

Сарбаздар әскери ант берді

97

- Advertisement -

Ерлік пен елдікке үндейтін Тараз қаласындағы «Қазақ хандығына – 550 жыл» монументінің алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөліміне жаңадан алынған 322 сарбаздың ант қабылдау рәсімі өтті.
Жиынды 5513 әскери бөлімнің командирі, подполковник Бағдат Нарбаев ашып, Отанға қызмет ету әрбір азаматтың парызы екенін айта келіп, ант қабылдау шарасының маңызы зор екеніне тоқталды. Мұнан соң Оңтүстік аймақтық әскери прокуроры Ермек Жанатаев, сала ардагерлері Владимир Лозовой мен Рысмаханбет Жүсіпов жас сарбаздарды борышын адал өтеуге шақырды.
Жас сарбаздар Отан үшін адал қызмет етуге дайын. Әскери борыштарын өтеп, ел тыныштығын күзетуге шындап бел буыпты. Сыптай болып сап түзеген сарбаздар ант қабылдау рәсімінде еш мүдірмеді.
Сарбаздардың ата-аналары Нұржан Тілегенов, Гүлшат Досалиева да перзенттерінің Отан қорғау жолында өз міндеттеріне адал болатынына сенімді.
Салтанатты жағдайда ант қабылдаған жас сарбаздар қарумен қозғалыс және қоян –қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Шара соңы патриоттық әндер шырқаған концертке ұласты.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support