- Advertisement -

Әбіләзовтің ісіне қатысты сот жүріп жатыр

92

- Advertisement -

Тергеу нұсқасы бойынша әбіләзовтің қылмыстық тобы

1 триллион 557 миллиард теңге шығын келтірген

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мартпек Кәкімжанов БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің ісіне қатысты басты сот отырысының 2017 жылдың 3 сәуірінде өтетінін хабарлаған болатын. Белгіленген күні сот талқылауы басталды. Бірақ оған басты күдікті Мұхтар Әбіләзов қатысқан жоқ.
Сот отырысына банктің бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша экс-директор Қайрат Садықов және Қаржылық құрылым басқармасының бұрынғы төрағасы Сәдуақас Мамеш айыпталушы ретінде тартылды. Оларға БТА Банктің қаржысын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланып, банк қаржысын заңсыз жұмсады деген күдікпен айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, аталған қылмыстық топ 1 триллион 557 миллиард теңге шығын келтірген.
Әбіләзовке тағылған айып өте ауыр. Тергеу кезінде оның әртүрлі елден 100 адам мүше болған ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, өзінің сенімді адамдарын БТА банктің бөлім басшылары етіп тағайындағаны, жасанды жолмен банк капиталын ұлғайту үшін инвесторларға банк капиталы 8 есе үлкен деп көрсеткені, шетелдік қарыз берушілер банкке ақша салғаннан кейін ұрланған қаржыны Әбіләзов кейін оффшорлық компанияларға аударғаны анықталған. «Ұрланған қаржыға Әбіләзов Лондон қаласынан элиталық үлгідегі жылжымайтын мүлік алған, 12 жатын бөлмесі, хауыз, түрік хамамы бар үлкен үй сатып алған. Сонымен қатар, ол Нью-Йорк қаласынан жылжымайтын мүлік алып, оны кейін Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың (Храпуновтың ұлы Ілияс экс-банкирдің қызы Мәдина Әбіләзоваға үйленген) көмегімен сатып жібермек болған», – деді мемлекеттік айыптаушы.
Әбіләзов 2014 жылғы редакция бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 263-бабы (қылмыстық қауымдастық құру оған мүше болғанмен тең), 176-баптың 3-бөлігі (сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемденіп алу және жұмсау), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу), 176-баптың 3-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену және жұмсау), 193-баптың 3-бөлігі (қылмыстық жолмен келген қаржыны жекешелендіру), 220-бабы 1-бөлігі (банктің қаржысын заңсыз пайдалану) және ҚР ҚК-нің 228-бабы (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша айыпталып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support