- Advertisement -

Олжас Сәттібаев – «Астана арландарының» капитаны

130

- Advertisement -

Жамбыл бокс мектебі мен оның жанкүйерлері үшін қуанышты хабар жетті. Жетінші маусым алдында команданың капитаны анықталды. 52 келі салмақ дәрежесінде Азия біріншілігінде чемпион атанған, «Астана арландары» сапында бүкіләлемдік бокс сериясының жеңімпазы болған жерлесіміз, жамбылдық жампоз Олжас Сәттібаев команданы жеңісті жорықтарға бастап шығатын болды. Бұған дейін «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы командасының капитаны ретінде 64 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Самат Бәшенов және команда сапында жүрген кезде 75 келідегі бүгінде кәсіпқой бокстағы мақтанышымызға айналған Қанат Ислам астаналық ұжымды жарыс жолына бастап шыққан еді. Жерлесіміз ел сенімін ақтайды деп сенеміз!
Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін жеңімпаздары «Астана арландары» командасы жетінші маусымда да айтулы аламанда топ жаруды көксеп отыр. Жаңа маусымда соңғы ел біріншілігінде жарқыраған жастармен қатар, Олжас Сәттібаев бастаған тәжірибелі боксшылардың көмегіне арқа сүйеп отырған «Астана арландары» Азия аймағы санаты бойынша топтық кезеңде өзбекстандық, қытайлық және ресейлік командаларға қарсы рингте бақ сынамақ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support