- Advertisement -

Қанат Ислам АҚШ-қа жол тартты

70

- Advertisement -

Бірінші орта салмақта WBA Fedelatin және WBO Intercontinental UBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы Қанат Ислам (22-0, 18КО) АҚШ-тағы жаттығу жоспарын бастау үшін Алматыдан ұшып кетті.

Фейсбукта спортшыға арналып ашылған арнайы парақшада журналист Берік Сұлтан — «Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!» — деп жазды. Бұған дейін боксшының жеке парағында жекпе-жек уақыты мен қарсыласы туралы ақпараттар жақын арада белгілі болатыны, сондай-ақ, келесі жекпе-жекте рингке киіп шығатын қысқа шалбарының дизайны көрсетілген болатын. Қанат Ислам 2017 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған белгілі. «Қазақстан» телеарнасы АҚШ-тағы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсететінін хабарлады.

ақпарат көзі:kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support