- Advertisement -

Қос балуанымыз олжалы оралды

83

- Advertisement -

Семей қаласында республикалық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының студенттері арасында қазақша күрестен «Колледж Барысы» республикалық додасы өтті. Республикалық ауқымда ұйымдастырылған бұл сайысқа әр аймақтан кілең сайдың тасындай мықтылар жиналды. Облыс намысын қорғау үшін облыстық білім басқармасының «Ғылыми дене шынықтыру орталығының» қолдауымен бұл турнирге Тараз «Парасат» колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жамбыл Есіркепов алдын ала іріктеуден өткен студенттерін алып барды. Нәтижесінде 80 келі салмақта белдескен Нұрболат Мырзанов ІІ орын иеленсе, алыптар сынында додаға араласқан Арнұр Жомартбек ІІІ орынға табан тіреді.
Бейбіт Ыстыбаев ағасының жолын қуған колледжіміздің мақтанышы Нұрболат пен Арнұр турнирдегі сый-сияпатын «Қазақстан барысы» жобасының жеңімпаздары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаровтың қолынан алды. Қос балуанымыздың әлі талай биікті аларына сенімдіміз.

Дәулеткүл Сейдахова,
Тараз «Парасат» колледжінің оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support