- Advertisement -

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

56

- Advertisement -

Бұрнағы күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысы өтіп, онда филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мұратхан Шүкеев тағайындалды. Ол бұған дейін Байзақ ауданының әкімі қызметінде болған. Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осыған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары болып ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен Масат Берікке алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Партияның облыстық филиалының төрағасы қоғамдық саяси өмірде «Нұр Отан» партиясының үлкен халық қолдауына ие болып, елдің дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап көрсетті. Бұл тұрғыда жамбылдық «нұротандықтардың» әрдайым жоғары саяси белсенділік қызметін жандандыруға партияның айтулы өкілі ретінде Масат Беріктің өз үлесі бар екеніне оң баға берді. Өз кезегінде Масат Берік партияластарына әрдайым қолдау көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.
Жиыннан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар түйткілді мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Мәселен, Жамбыл ауданының тұрғыны машина-трактор стансасын ашуды қолға алмақ. Бұл кісіге ауыл шаруашылығы басқармасы көмек беретін болады.

Ал Байзақ ауданынан келген зейнеткер Мэлс Қалыбаев ауыл ішінен өтетін каналға тазарту жұмыстарын жүргізуге жәрдем сұрады. Жағымсыз иіспен тұрғындарды мезі еткен каналды қалыпқа келтіру үшін алдағы уақытта жобалық-сметалық құжат дайындалмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support