- Advertisement -

Орамал

146

- Advertisement -

Орамал – қасиетті дүние ғой. Ол қашаннан отбасының, берекенің, мейірім мен тазалықтың символы болған. Бола да береді. Өкінішке қарай, бүгінде орамал деген ұғымның ауқымын тарылтып алғандаймыз.

Келіндер орамал тартуды үлкендердің алдындағы әйтеуір бір парыз санаса, кейбіреулеріміз жай ғана тамаққа шашымыз түспеуі үшін ғана тағатынымыз жасырын емес.
Біле білсек, орамал – бәрінен биік ұғым, киелі дүние. Жауласқан жандарды бітімге келтіріп, татуластыру мақсатында да екі ердің арасына әйел-ананың ақ жаулығы тасталынған. Талай ағаларымыз көрші ауылдан танып-білмейтін қыздарды алып қашып келгенде көнбей, тасыраңдап тұрған небір адуынды қыздардың ауылдың ең үлкен кейуанасы келіп алдына ақ жаулығын тастағанда амалсыз тағдырына мойынсұнып, келін боп қалып қалғанын да көзіміз көрген. Кейін сол жеңгелеріміз әп-әдемі келін болып, ұрпақ өрбітіп, әулеттің шырағын жақты.
Міне, осының бәрі орамалдың қасиеті шығар бәлкім…

Жанар Оразымбет,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support