- Advertisement -

Үңгірде өмір сүрген өлермен

137

- Advertisement -

Педро лука 40 жыл ғұмырын жалғыздықпен өткізуде
Аргентинаның солтүстігіндегі Тукуман провинциясының Педро Лука есімді тұрғыны 40 жылдан бері үңгірде өмір сүріп келеді. Осынша уақыт таза су ішіп, электр жарығын пайдаланбаған ол қазір 79 жаста.
Ол аң аулап, үңгір жанындағы кішкентай бұлақтың суын ішетін көрінеді. «Қарным ашқан соң емес, қайнардың суы әлемдегі ең таза су болғандықтан ішемін», – дейді Педро. Оған Сан-Педро-де-Колалао тұрғындары жиі тамақ апарып береді екен.
Дегенмен, ол өркениеттен біржола қол үзбеген. Зейнетақысын жақын маңдағы поштадан алып, қайтарда соған азық-түлік сатып алады. Оның үңгірдегі жалғыз ермегі – батарейкамен істейтін радио. Алайда, тауда сигнал әлсіз болғандықтан, оны іске жаратудың өзі қиын көрінеді.
Ол табиғат аясында өмір сүруді бала кезінен армандапты. Педро алғашрет 14 жасында ауылдан кетіп қалған екен. Сөйтіп, Солтүстік Аргентинаға саяхат жасап қайтыпты. Туған жеріне оралғаннан кейін адамдар арасынан кетіп, үңгірде өмір сүре бастайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support