- Advertisement -

Soyle қазақ тілін онлайн оқытудың тегін курстарын бастайды

85

- Advertisement -

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап, Soyle.kz порталы шеңберінде Skype арқылы қазақ тілінің онлайн-курстары өтпек. Үш айлық курсқа бір мезетте 150 адам қатыса алады.

«Алдымен тест өткізіп, оларды топ-топқа бөлеміз, күн сайын оқытушылар Skype арқылы сабақ өткізіп тұрады. Үш айда біздің оқушылар ауызекі сөйлеуді меңгеріп шығады деп ойлаймыз. Тоғыз айдың ішінде біз 450 адамды оқытуды көздеп отырмыз», — деді бүгін Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, курс өзінің тиімділігін дәлелдейтін болса, ары қарай дамытылып, қосымша оқытушылар алынады, оқытылатын адам саны ұлғайтылады.

Сонымен қатар мемлекеттік тілде іскерлік стильде сөйлеуге, құжатпен жұмыс істеуге машықтанғысы келетін адамдарға арнап 2017 жылға дейін Quzhat.kz порталы жүзеге асырылады.

А.Шәуеевтің айтуынша, аталмыш жобаларға демеушілердің қолдауы үлкен үлес қосты. Себебі бұл жобалар үлкен шығынды талап етеді. Мәселен, онлайн-курс өткізу үшін 4 миллион теңге жұмсалады деп күтілуде. Оған оқытушылардың бір жылдық айлығы кіріп отыр. Ал Quzhat.kz жобасына шамамен 6 миллион теңге жұмсалады деп болжануда.

Айта кетейік, екі жыл бұрын құрылған #Soyle жобасы қазақ тілін интернет арқылы тегін меңгеруге мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында порталды барша әлемнен 1 миллионға жуық адам пайдаланған. Үздіксіз оқуға жазылған адамның саны 45 мыңнан асады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support