- Advertisement -

Жамбылда…

75

- Advertisement -

Тараз

Мәдени мұралар жаңарады

Скрябин үй-мұражайын қайта жаңғырту жұмысына 35 миллион теңге, «Руханият» музейінің реэкспозициясына 70 миллион теңге, Қарахан кесенесі маңындағы орта ғасырлық мешітті реставрациядан өткізу үшін 30 миллион теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Талас

Су үнемдеудің жолы осы

Бостандық ауылында су үнемдеу технологиясын енгізген «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектар егістікті жаңбырлатып суғарып отыр. Қаратау қаласында кәсіпкер А.Сейдалиев 1 гектар алма бағын осындай жолмен суғарып өсіруде.

Шу

«Кемер – отар» темір жол бөлігі салынуда

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы темір жол логистикалық инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша «Кемер – Отар» темір жол бөлігі салынуда. Бұл темір жол құрылысына 19,4 миллиард теңге бөлінген. Оның 8 миллиард теңгесі биыл игеріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support