- Advertisement -

Ынталыға жұмыс табылады

74

- Advertisement -

Халықтың әл-ауқатын жақсартудың бірден бір жолы – әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру. Сондықтан да, елімізде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бір ғана «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданымыздың тұрғылықты халқы жұмысқа тартылуда.
Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – тұрақты және өнімді түрде жұмыспен қамту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру. Ең алдымен, аталған бағдарлама жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген тұрғындарды тиімді еңбек етуге тартуға, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін мамандар деңгейін көтеруге, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауданға 7 нысанға 388656,0 мың теңге бөлініп, 70 адамды уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кешенді жоспар бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 2 нысанға 262911,0 мың теңге бөлініп, 17 адамды, «Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша 7 нысанға 14293,2 мың теңге бөлініп, 7 адамды уақытша жұмыспен қамту көзделген. Бүгінгі күні осы бағдарламалар бойынша жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылуда.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту көзделгендіктен кәсіпкерлерге, жұмыссыз азаматтарға көп көмегі тиюде. 2011 жылдан бері 200-ге жуық азамат мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиеге ие болып, өз кәсіптерін жүргізуде.
Аудан бойынша ағымдағы жылы шағын несие алуға 122 азаматқа 470360,0 мың теңге бөлінді. Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бойынша 125 азаматты оқытуға 5232,0 мың теңге қаражат қаралып, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға, кәсіптік оқытуға 75 азамат жіберілді.
Нақты жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға жұмыспен қамту орталығы тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу ұсынылады. Ақылы қоғамдық жұмысқа 243 адамды қатыстыру көзделген, бүгінгі күні 285 азамат жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына оқу бітіріп келген жастардың «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға құқықтары бар. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 73 азаматқа 11297,0 мың теңге, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 144 адамға 30586,0 мың теңге қаралған.
Ең бастысы, еңбек еткісі келетіндер үшін қалада да, ауылда да барлық жағдай жасалған, тек жұмыс істеуге ынта керек.

Гүлмира Керімбаева,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support