- Advertisement -

Бастауыш сыныпқа жаңа білім беру бағдарламасы енгізіледі

105

- Advertisement -

Бастауыш сыныпқа білім берудің жаңа әдісі өзінің тиімділігін көрсетті. Арнайы жүргізілген бақылау нәтижесі осыған дәлел. Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа білім бағдарламасының нәтижесі талқыға түсті. Оған елдегі жаңа білім беру стандартынан сынақтан өткен 30 мектептің 140-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жиын барысында ұстаздар сынақ қорытындысын талқылап, жаңа оқу жылына дайындықтарын тағы бір пысықтады. Себебі биылдан бастап бұл бағдарлама еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі. Оқу бағдарламасын әзірлеуші мамандардың айтуынша, жаңа стандартта оқуышының ойлау жүйесіне басымдық берілген. Жанар Абділдина, «Назарбаев зияткерлік мектебі» білім беру бағдарламалар орталығының директоры: — Мониторинг жақсы нәтиже көрсетті. Әрине, ең бірінші мұғалімдерге қиын болды. Сұрақтар көп болды. Жаңа нәрселерге қатысты қиындық туындайды. Бірақ сосын бір жарты жылдан кейін бәрін жақсы түсініп, бағдарламаны алып кетті. Нәтиже қандай болғанын нақты айта аламыз. Балалардың дағдылары қалыптасты. Тек ғана білім емес, дағды.

Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support